«Ұлыстың ұлы күні – Наурыз» » НШ№26 Кара-су
Zhambyl region
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№26 Қара-су бастауыш мектебі"
Education Department of Kordai district
Reception room :
+7(72636) 43-50-93
bookkeeping:
+7(72636) 23-11-37
Version for
visually impaired
» » «Ұлыстың ұлы күні – Наурыз»
30
March
2017

«Ұлыстың ұлы күні – Наурыз»

Күні: 20.03.2017ж
Ашық тәрбие сағатының тақырыбы: «Ұлыстың ұлы күні – Наурыз»
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: Жаңа сөздерді қолданып, тақырып бойынша ауыз-екі сөйлеуге үйрету, грамматикалық тақырып бойынша алған білімдерін тексеру.
2.Дамытушылық: Оқушылардың қазақша оқыған, естіген мәтіндерді түсініп, әңгімелей білу, өз беттерінше байланыстырып сейлеу дағдыларын дамыту, қазақ тілінің ерекше дыбыстарын дұрыс айтуларын қадағалау.
3.Тәрбиелік: Халықтық салт-дәстүрлерге құрмет сезімін тәрбиелеу, оқушылардың қазақ тіліне деген қызығушылықтарын арттыру.
Сабақтың типі: Ашық тәрбие сағаты
Тәсілдері:
1.Сұрақ-жауап
2.Жұтық, жеке, топтық жұмыстар;
3.Оқығанды, естігенді ұғынуға арналған жұмыстар;
Сабақтың көрнекілігі:
1.Суреттер;
2.Жауап-үлгілері;
3.Үнтаспа;
4.Тірек сызбалар
5.Сөзжұмбақ
Сабақтың барысы
Окушылардың Наурыз мейрамы жайлы не білетіндіктерін сұрау:
- Наурыз қандай мейрам?
- Сендер қаладағы Наурыз мейрамын көрдіңдер ме?
-Адамдар бұл күні не істейді?

Құттықтау сөз:
Құрметті ата-аналар! Оқушылар! Teachers! Сіздерді бүгінгі наурыз мерекесімен құттықтаймыз. Сіздерге жанұяда бақыт, жұмыста табыс, босағаларыңыз берік болсын, балаларыңыз оқуда озат, болашақта өнегелі, білімді, саналы азам боуына тілектеспіз.
Бүгінгі ұлыстың ұлы күні – «Наурыз мейрамы» атты ашық тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз.
Ұлыс оң болсын!
Ақ мол болсын!
Ұлыс береке берсін!
Пәле жала жерге енсін дей келе ертенгілікті бастаймыз.

1 жүргізіші: Назым
Құрметті қонақтар, сіздер бүгінгі наурыз тойына арналған мерекеге қош келдіңіздер!
Балаларыңыздың мерейлі мерекесіне, шаттық тойына сіздер де ортақ болыңыздар!
Көктем сайын арда емген Ана-Күнді,
Дүбірлесін думаннан дала күллі
Салты солай Наурыздың ...
Ей, адамдар, туыстарша тойлайық Наурыз тойын.

Мейірлан
Асслаумағалиейкум барша халық,
Қартқа құрмет, сыйлайық жасқа шабыт
Салты солай Наурыздың ...
Ей, адамдар, бауырларша келіңдер бас қосалық.

2 жүргізуші: Асылзада
Құрметті ата – аналар, оқушылар, келіп отырған қадірлі қонақтар, сіздерді келіп жеткен көктем мейрамы 22 – наурыз күнімен құттықтаймыз. Сіздерге шаттық тілей отырып бүгінгі мерекемізді ашық деп жариялаймыз.

Тілейді олар:
-Болсын-деп, ырыс жылы!
Жер бетінің болсын деп тыныштығы
Салты солай Наурыздың ...
Ей, адамдар, тым болмаса
Ұлы бол, Ұлыс күні!

Алмат
Ұсынарын ұрпаққа біледі ізгі ел,
Сол ізгі елдің Ұрпағы мына біздер
Салты солай Наурыздың ...
Ей адамдар, аталардан ақ бата тілеңіздер

2 жүргізуші: Асылзада
Ел-дәстүрі арымыз
Той бастығы-кәріміз
Қыдыр бала той бастар,
Ал тыңдайық бәріміз.

Мейірлан: Қыдыр баба
Ау, аман ба, жарандар,
Алтын таңға қараңдар.
Ерте жайнап атты таң,
Естіліп тұр шаттық ән.
Күннің жаңа нұры бар,
Мұның ғажап сыры бар.
Халық сүйген мейрам бұл,
Қарсы алайық тұрыңдар.

Айбол:
Уа, құдайым, оңдасын,
Жаманшылық болмасын.
Ұлыс оң болсын!
Ақ мол болсын! Аумин

1-сынып: Мерейлім, Іңкәр тақпақ

1 жүргізіші: Назым
Құлақтан кіріп бойды алар
Әсем әнмен тәтті күй,
Жүрекке түрлі ой салар
Әнді сүйсең менше сүй, демекші «Наурыз думан» әнін орындаймыз

2 жүргізуші: Асылзада
Алдар, Тазшша бала сіздерді көргенімізге өте қуаныштымыз. Төрген қонақ болыңыздар

Алмат:
Мен Алдармын, алдармын,
Сайтанды да арбаймын
Сараңдарға қаттымын
Мырзаларға балдаймын

Данияр. Тазша бала
Туа сала атандым Тазша бала,
Мендей аңқау болмас ау басқа бала.
Наурыз тойы басталды дегенді естіп,
Көк есекпен желдірттім жас та бола.

Алмат:
Иә, біз ойын-ойнап, той-тойлаумен бірге балаларға ескіден қалған есті сөздерді насихаттап жүрміз.

2 жүргізуші: Асылзада
Олай болса, тіпті жақсы, білгенімізді бекітейік, білмесек үйренейік, ашыңыз сыр сандығыңыздың аузын!

Алмат: Жұмбақ жасырады
1. Дүниеде 7 тойымсыз бар дейді, соны балалар білеме екен?
1.Көз көруге 2.Құлақ естуге 3.Жер жауынға 4.жол тұйыққа.
5.Дария суға 6.Аспан буға 7.Пеш отынға тойMayды
2. 7 жұтқа не жатады?
1.Жұт. 2.Қуаңшылық. 3.Індет. 4.Өрт
5.Соғыс. 6.Сел. 7.Жер сілкіну
3.Бәрекелді балалар. Соңғы сұрақ. Жеті қазынаға не жатады?
1.Ақыл-ой. 2.Ақ-жаулық. 3.Көңіл. 4.Жер
5.Денсаулық. 6.Бала. 7.Ит


1 жүргізіші: Назым
Келді Наурыз теңіздей шаттығымен,
Таңғы шықтай көңілдің ақтығымен.3
Құтты дәмі, береке байлығымен,
Нұр дидарлы мәңгілік жастығымен- демекші

0-сынып оқушыларының орындауында «Қошақаным» әні.

Нұрайлым:
Қош келдің, Наурыз тойым
Қош келдің, жаңа күнім
Айқара құшақ ашып,
Қарсы алды дала бүгін.
Іңкәр:
Наурыз тойы – тамаша,
Наурыз тойы –жаңаша.
Табиғат та тамаша,
Тамылжып тұр жараса.
Айлан:
Жыл басы - Наурыз мереке,
Ақ нұрға әлем боянды.
Наурыз тойы береке,
Тіршілік жаңа оянды!
Ұлмира:
Қарды ерітіп жылғасы,
Наурыз келді - жыл басы.
Шуақ төкті жарық күн,
Мейрамында халықтың.
Сезім:
Наурыз келді еліме,
Наурыз келді жеріме.
Байлық, бақыт тілеймін,
Бүкіл қазақ еліне



2 жүргізуші: Асылзада
Шалқытып мерекеде ән салайық,
Өнерпаз өрендерге тамсанайық
Аңыз бен ертегідей бізге жеткен,
Құрметті әншілерді қарсы алайық.

2-сынып оқушыларының орындауында «Үкілі кәмшат» әні.
Тақпақ айту

3-сынып оқушыларының орындауында «Саржайлау» әні.
Тақпақ айту

4-сынып оқушыларының орындауында «Домбырасыз ән қайда» әні.

1 жүргізіші: Назым
Наурыз шаттық әніміз,
Салтанатты сәніміз.
Ән салып, жас кәріміз,
Би билейік бәріміз.
Казір Би: Қыздар билейді билеген аяқтары жерге тимейді
Би «Қара жорға»

2 жүргізуші: Наурыз-шаттық әніміз
Салтанатты сәніміз
Ән салайық жас-кәріміз,
Би билейік бәріміз.
Ән «Айгөлек»


Қазақтың қол күрес ойыны ойналады. (Көрермендермен).


Мұғалім:
Жыр сыйлаған, нұр сыйлаған тірлікке,
Қастерледін қадіріңді білдік те
Құтты болсын Ұлыс күні, жұмылдырған.
Бәрімізді ынтымақ пен бірлікке.
Құрметті көрермен қаум, «Қош келдің, Наурыз!», мерекесіне арналған кешіміз мәресіне жетіп те қалды. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көптен – көп рахмет.

Хормен: Наурыз сіздерге тек құт пен береке әкелсін.