ҚАЗАҚ ТІЛІ Тақырыбы: Сөз таптары » НШ№26 Кара-су
Zhambyl region
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№26 Қара-су бастауыш мектебі"
Education Department of Kordai district
Reception room :
+7(72636) 43-50-93
bookkeeping:
+7(72636) 23-11-37
Version for
visually impaired
» » ҚАЗАҚ ТІЛІ Тақырыбы: Сөз таптары
30
March
2017

ҚАЗАҚ ТІЛІ Тақырыбы: Сөз таптары

ҚАЗАҚ ТІЛІ
Тақырыбы: Сөз таптары
Мақсаты
1).Білімділігі: : Оқушылардың ойлау шеберін сөйлеу мәдениетін арттыру. Сөз таптары тарауынан алынған білімдерін тиянақтау практика барысында олардың мағынлық түрін ажырата білу.
2).Дамытушылығы: Тілдік тапсырмалар арқылы ойларын қорыту, тіл байланыстарын, сөздік қорларын, шығармашылық қабілетін дамыту.
3).Тәрбиелігі: Оқушылардың бойына әдептілік, инабаттылық, қарапайымдылық қасиеттер қалыптастыру. Ұқыптылыққа өздігінен іздене білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Қайталау сабақ.
Сабақтың әдісі: Топтастыру, сұрақ-жауап, ойын.
Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, кестелер, түрлі-түсті қағаздар, қарындаштар, ребустар.
Пәнаралық байланыс: Дүниетану, бейнелеу.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі:
Психологиялық дайындық
Сөз таптарының қандай түрлері бар екен, тақтаға назар аудару.
Көркем жазу.
ІІ.Сабақтың мақсатын ашу «Миға шабуыл»
-Айналаға қарау, бізді қандай заттар қоршап тұр?
-терезе, гүлдер, тақта, шкаф, парталар.
-Осы заттардың аттарын білдіретін сөздерді не дейміз? (зат есім)
-Суреттегі заттарға қараңдар. Қандай қимыл іс-әркет жасап тұр?
-қимыл іс-әрекетті білдіретін сөздерді не деп айтамыз (етістік)
Заттар әр түрлі белгілерге ие.
Мысалы нан қандай ? су қандай? шар қандай?
көйлек қандай? парта қандай

-Мұндай белгілер не деп айтады? (сын есім)
-Мынау неше? Сендер нешінші сыныпта оқисыңдар?
-Мұндай сөздерді не деп айтады (сан есім)
-Міне балалар, біздің бүгінгі тақырыбымыз сөз таптарын еске түсіру.
ІІІ. Қайталау.
Жаттығу жұмысы.
Сөз таптарымен талдау.
Сол бойынша сурет саламыз. Әр бала өз суретін қорғайды.
Сергіту сәті:
Біз гүлдерше өсеміз
Жапырағы жайқалған
Сабақтары салалы
Желге ырғалып шайқалған

Оқулықпен жұмыс: жаттығуларды орындау.
Ойын: «Гүл жинаймыз»
Гүлдерді теріп, сұрақ қойып өз жәшіктеріне отырғызу
(әр сөз табына арналған жәшіктерге сөздерді орналастыру)

ІҮ.Сабақты қорытындылау.
1.Біз төменгі сыныптарда сөз таптарының қандай түрімен таныстық?
2.Сонымен қазақ тілінде қанша сөз табы бар?
3.Тасбақа, асқабақ, парта, қалам - бұл қандай сөздер?
4.Қызыл, жасыл, қара, көк – қай сөз табы, ережесін айтып бер.
5.елу, жиырма, алпыс, тоқсан, жүз - қай сөз табы, ережесін айтып бер.
6.Оқып отыр, жазып жатыр, күліп жіберді - қай сөз табы, ережесін айтып бер.

Сонымен біз зат есім, сан есім, сын есім, етістік туралы білеміз.
-Біз бұларды жинақтап қалай айтамыз?
-сөз таптары деп атаймыз
-Нені қайталадық?
-естеріңде не қалды?

Ү.Үйге тапсырма:
ҮІ.Бағалау