МАТЕМАТИКА Тақырыбы: Қосу және азайту » НШ№26 Кара-су
Жамбыл облысы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№26 Қара-су бастауыш мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » МАТЕМАТИКА Тақырыбы: Қосу және азайту
30
март
2017

МАТЕМАТИКА Тақырыбы: Қосу және азайту

МАТЕМАТИКА
Тақырыбы: Қосу және азайту
Мақсаты
1).Білімділігі: : Оқушылардың есептер шығаруын, теңдіктер құрастыруын, өрнектерді салыстыруын, сандар құрамын анықтауын қалыптастыру. Логикалық ой-өрісін дамыту. Қосу азайту амалдары туралы білімдерін бекіту.
2).Дамытушылығы: Оқушылардың тіл байлығын, сөздік қорын дамыту.
3).Тәрбиелігі: Оқушыларды ұйымшылдыққа, шапшаңдыққа, белсенділікке тәрбиелеу.
Түзете дамытушылық: Ойлау, сөйлеу, көру, есту қабілетін арттыру.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, жинақтау, ойын.
Сабақтың типі: Бекіту, пысықтау.
Болжамдалған нәтиже: Қосу, азайту амалдарын шығара біледі.
Көрнекілігі: Тест, суреттер, ребустар, карточкалар, фигуралар.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі:
Қайырлы таң, достарым!
Қайырлы күн болсын
Аптаның әр күні
Сәттілікке толсын!
Шырылдады қоңырау
Біз сабақты бастаймыз
Партамызға отырып
Өз ара көз тастаймыз.
ІІ.Өткенді қайталау.
1.Тез ойлан ойыны
Геометриялық фигураларды көрсетіп, оның атауын айту.



ІІІ.Жеке топтық түзету жұмыс
1.Тест тапсырмасы.
68 санының жазылуын тап
а).99 ә).68 б).70
2.Дұрыс өрнекті тап.
а).7-2=5 ә).8-4=3 б).2-0=0
3.Теңдеудің шешуін тап: х+20=45
а).12 ә).25 б).36
4.30+40=70 теңдігінде 30 саны қалай аталады?
а).қосылғыш ә).азайғыш б).қосынды
5.Ең кіші екі таңбалы сан қайсысы?
а).13 ә).11 б).8
6.Бір тәулікте қанша сағат бар?
а).18 ә).20 б).24
Карточкамен жұмыс.
10+20=30 50-10=40 70-60=10 5+3=8
20+40=60 60-40=20 80+20=100 4+3=7
Сергіту сәті.
Жаттығу жасайды.
Біз жазамыз, жазамыз
Таусылғанша сиямыз.
Саусақтарда шаршайды,
Сиямызда қалмады.
Біз тынығып алайық
Тағы жаза бастайық.
ІҮ.Ойын:
Сәбіздерді жинауға көмектесейік ойыны.
10-9=1 10-2=8
18+2=20 6+3=9
30-10=20 8+2=10
Математикалық диктант.
1.Азайғыш 8, азайтқыш 5, айырманың мәні нешеге тең?
2.Қосылғыш 4, қосылғыш 7, қосындының мәні нешеге тең?
3.Теңдіктер, теңсіздіктер құрастыру.
4+3=7 8-2=6
5+4=9 6-3=3
4.Менің орнымды тап.
1 3 5 7 9
Ү.Сабақты қорытындылау.
Бірінші қатардағы сандарды өсу ретімен жаз
2, 6, 1, 9, 4, 7, 0.
Екінші қатардағы сандарды кему ретімен жаз
9, 4, 2, 10, 3, 5, 1
ҮІ.Үйге тапсырма:
ҮІІ.Бағалау