«Тәуелсіздік елімнің ерлік жолы» » НШ№26 Кара-су
Жамбыл облысы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№26 Қара-су бастауыш мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Тәуелсіздік елімнің ерлік жолы»
30
март
2017

«Тәуелсіздік елімнің ерлік жолы»

Күні: 15.12.2016ж

Ашық тәрбие сағатының тақырыбы: «Тәуелсіздік елімнің ерлік жолы»
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларға желтоқсан оқиғасын таныту. Желтоқсан оқиғасының неден бастау алып,
неден қанды оқиғаға ұласқанын ашып көрсете отырып, тәуелсіздікке, қалай қол жеткенін ұғындыру.
Өз елін,жерін, халықын сүюге елжандылыққа, патриоттыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Нақыл сөздер, желтоқсаншы жастарының суреті, слайд.

Сабақтың барысы:
Қайырлы күн, қымбатты ұстаздар, ата-аналар және оқушылар.
Тәуелсіздігіміздің тәу етіп, егемендігімізді ту етіп желбіреткелі бері міне бүгін 25 – жыл болыпты.

Ол дүниені дүр сілкіндірген сол үш күн ішінде қазақ қыздарымен жігіттерінің рухына, ерлігіне деген тағзым, құрмет етеміз.
Бүгінгі – Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алған мерекесі құтты болсын!
Ендігі кезекте ертеңгілігімзді ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер.

Қазақстан Республикасының әнұраны орындалады. Ән. «Әнұран»

Назым:
1986 жылдың 16 – желтоқсанында Республика орталық комитетінің V – плениуымы болды небәрі 18 минутқа созылған осы плениумда республиканы ширек ғасыр бойы басқарып келген Дінмұхамбет Ахметұлы Қонаевтың орнына Г.В. Колбин сайланды.

Кеңес өкіметі өмір сүрген 70 жылда Қазақстанды басқарған 21 басшының 18-і жоғарыдан күштеп жіберілгендер және басқа да ұлт өкілдері болса қазақтан үш – ақ басшы болған екен.
Олар Мұқаметқалиев Шаяхметов, Қонаев.

Қазақстанға үш қайнаса сорпасы қосылмайтын Ульянов облысының партия комитетінің бірінші хатшысы қатардағы көп инженердің бірі, бұрын Қазақстанды көріп білмеген әрі оның ішкі – сыртқы саясатымен, экономикасымен баспасөз арқылы ғана таныс Колбиннің ойда жоқта басшы болып топ ете түсуі көп адамдарға ашық күнгі найзағайдай әсер етті. 17 желтоқсан таңертеңгі уақыт шамамен 7- 8 арасында 200 – 300 дей Брежнев атындағы алаңға шоғырлана бастады. Бұл жастардың алғашқы тобы. Алаңға жиналғандардың саны кешке дейін 3000-нан асты жастарды басып жаншуға милиция мен ішкі істер әскерилердің жеке құрамының 3200 адамы 1-өрт сөндіруші машина, 30 ит тиелген машина, әскери округтен 15 БТР қатыстырылды.

-Мыңдаған қазақ жастары наразылық білдіріп, шеруге шыққандардың аңсағаны. «Тәуелсіздік керек! Қазақ елінің өз көсемі сайлансын!» деген тілек білдірді.

(Желтоқсан оқиғасы туралы бейне ролик көрсетіледі.)

1.Назерке.
16 желтоқсан –
Тәуелсздік алған күн.
Ерекше боп мәңгілік
Ел жадында қалған күн
2.Аяжан
Желтоқсанның күні қандай ызғарлы,
Жүректерде жазылмайтын сыз қалды.
От боп жанған қазағымның жастары,
Жалынымен ерітіпті мұздарды.
Жеткен арман, жаса, Тәуелсіздігім!
Өз болыма берген ерік тізгінін.
Дербес, бейбіт мемлекетпіз біз бүгін.
Таңды атырам Әнұрандай өр үнмен,
Елтаңбам тұр орын алып төрімнен.
Ата заңым –сүйенер күш, қуатым,
Көз тартады Көк туым өз көгімнен.
3.Алмат: «Желтоқсан»
Жас арудың жанарында желтоқсан
Қанды ғасыр табанында желтоқсан
Қаралы өмір қайыстырған халқымыздың
Қара тұман қабағында желтоқсан
Жауыздықты жасқаған да желтоқсан
Жаңа ғұмыр бастағанда желтоқсан
Жазықсыз көз жасына жуынып
Абақтыға тастаған да желтоқсан
Намысымның шырағы да желтоқсан
Сұрқай өмір сынады да желтоқсан
Жігіттіктің ұраны да желтоқсан
Жаңа күннің шуағыда желтоқсан
4.Шыңғысхан
Сол мұздарда жанды алау өшпейтін,
Еркіндікті қашанда ел көксейтін.
Қаныменен тарихтарда жазылып,
Қайраттардың аты қалды сөнбейтін.

Мейірлан:
Қайрат Рсықұлбеков Алматы қаласындағы №1 жатахананың 17-ші секциясының №1 бөлмесінде тұрған. Кешекшілік топты басқарады. Барлық ші істердің ұйытқысы болып жүрді. Желтоқсан оқиғасына қатысуы белсенділік белгісі еді. Сөйтіп желтоқсан оқиғасын бастаушы, ұлтшыл деген кінә тағып 31 желтоқсан сағат 4-те алып кеткен. Үкім бойынша 173 бабының 1 тармағы бойынша ату жазасына берілді. Содан Семей түрмесінің 21 камерасында 21 жасында 1988 жылдың 21 мамыр күні дүниеден өтті.

Олжас:
Кетпес мәңгі көңілден
Қардың гүлі-қырмызы
Ағып түскен көгімнен
Желтоқсанның жұлдызы
Ләззат пен Сәбира

Ақбілек:
Ұлт намысын жыртып, алаңға шыққан жалын жүрек жастардың арасында Ләззат Асанова да болып еді. Ләззат музыкалық училищенің 2 курс студенті еді. Қаршадай елік қыз қараушылықтың құрбанына айналарын сол сәт білмеген де болар. Ар-ожданы озбырлықтың талабына тапталып, жас жүрегі зұлымдықтан жапа жеккен Ләззаттың қазасы әлі күнге жұмбақ.
Қақап күннің ызғары,
Сүйектен өтіп кеткен күн.
Қаракөз қазақ қыздарын,
ОМОН-дар бастан тепкен күн
Қариялар итке таланып.
Ер басын күрек шапқан күн
Аппақ қар қанға боялып
Қып-қызыл мұз боп жатқан күн

Аяжан:
Сабира Мұхамеджанова 1985ж 8 жылдық мектеп бітірісімен, Өскемен қаласындағы педучилищесінің бастауыш сыныптарға мұғалім даярлайтын қазақ бөліміне оқуға түскен 22-желтоқсанда Өскемен ЦУМ маңайына жиналған Сабира тілек ниет білдіруге барған. Анасымен бірге барған. Сабираны айыптап, бар кінәні оған үйіп төгіп, сөккен, қатқыл сөздер айтып,тәртіпсіз деп бағалаған. Мұның бәрі Сабираның ашу-ызасын тудырады. Сөйтіп албырт жас қыз жатахананың өзі тұратын бөлмасінің терезесінен секіреді.
Қасқалдақ ұшып көлінен
Шүрегей келіп қонған күн
Қыранды қуып көгінен
Қарғалар ішік алған күн
Адал мен арсыз аярды.
Айырып халық ұққан күн
Сары жез болып шыққан күн
Озбырлық күнінен тұншығып

Көрініс: 16-желтоқсан, барлық жастар ереуілге шыққан кез еді.
-Колбин деген кім?
-Өзімізден ешкім табылмағандай.

Қайраттың айтық сөзі
Күнәдан таза басым бар,
Жиырма бірде жасым бар.
Қасқалдақтай қаным бар,
Бозторғайдай жаным бар.
Қайрат деген атым бар.
Қазақ деген затым бар,
«Еркек тоқты – құрбандық»
Атам десең атыңдар.

Ән. «Желтоқсан желі»
Желтоқсан бірде,
Ел тосқан түрде.
Келетін мүлде жайдарлы.
Сол жылы бірақ.
Әдеттен жырақ.
Көрінді шын-ақ айбарлы.
Тоңдырды сені,
Тоңдырды мені
Желтоқсан желі, ызғарлы.
Солдырды гүлді,
Оңдырды нұрды,
Көңілде мұңды із қалды.
Жоғалтып нуын,
Жоғалтып суын,
Арал да суын тауысты.
Қаңырап мекен,
Аңырап бөкен,
Қонысқа бөтен ауысты.
Шайқалды күйім,
Шайқалды миым,
Бомбалар жиі жарылды.
Мұғалім:
Желтоқсан оқиғасы Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Спатаев, Ләззат Асанова, Сабира Мұхаметжанова тәрізді батырларымыздың бар екенін дәлелдеп береді.
Елі үшін, жері үшін өз жанын құрбан қылған батыр ұл – қыздарымыздың арқасында өзіміздің еркіндігімізге, тәуелсіздігімізге 1991 жылы 16 желтоқсанда жеттік.

Айбол:
Қуанышты қалай кеуде кермесін,
Бұл күнімді бір ғасырға бермесін.
Ақ түйенің қарны міне, жарылды
Тәуілсізбін, Егеменмін, Дербеспін!
Айлан:
Кең даласы, кең пейілді қазақпыз,
Құл емеспіз еркін жанбыз, азатпыз.
Бүгін міне, Тәуелсіз дік ағайын,
Әр қазақтың жүрегі боп соғып тұр!
Нұрайлым:
Астана – арман қала,
Бағы бір жанған қала.
Тұрады ол жап-жас болып,
Мен үлкен болғанда да.
Іңкәр:
Айнымайды аспаннан
Біздің тудың бояуы.
Оны халық қашан да
Биікке іліп қояды.
Ұлмира:
Бейнелеп сан ғасырды
Елтаңбасы елімнің
Таратады хас үлгі
Киесіндей жерімнің
Мұғалім:
Президенттің жарлығымен 1996 жылы 9 желтоқсанда Қ. Рысқұлбековке «Халық қаһарманы» атағы беріліп айрықша ерекшілік «Алтын жұлдыз» тапсырылды.
Сабира, Ләззат, Ерболдарға «Ақтау жөніндегі анықтама» қағаздары берілді.
Қазақ халқының ғасырлар бойы аңсаған асыл арманы жүзеге асты.
Дүниеге жаңа мемлекет тәуелсіз Қазақстан республикасы, дербес қазақ елі келді.
Бүгін де міне осы тәуелсіздігімізге 25 жыл толып отыр. Мерекеміз құтты болсын!

1.Мейірлан.
Бауырласқан тәніміз,
Бұзылмаған антымыз.
Кең даланың ежелгі,
«Қазақ» дейтін халқымыз.
Өзге ұлттай біздің де,
Бар дәстүрмен салтымыз.
2.Данияр
Тәуелміздік – бабалардың ұраны,
Қиын сәтте бойға таққан тұмары.
Тәуелміздік – бір ғанибет қасиет,
Жүректерге шуақ сеуіп тұрады.

3.Ақбілек Сөйле, тілім, сөйле бүгін сурылып,
Сөйлейтұғын кезің енді туды нық.
Ұлан-байтақ Елім – бақыт ордасы.
Тәуелсіздік – баға жетпес құндылық!
Сол құндылық – Тарихымның тамыры,
Сол құндылық – Ел-жұртымның тағдыры!
Қазағымды мәшһүр етті әлемге
Елбасының таудай асқақ қадірі

4.Гауһар
Қазақ деген елденбіз
Ғажап деген жерденбіз
Бодандықтан босанып,
Еркіндікке енгенбіз
Сан азапта көргенбіз,
Мың тіріліп, өлгенбіз
Атой салып дұшпанға
Айқастарда жеңгенбіз.
5.Алина
Жаса, жаңа Астанам
Өркен жая бастаған!
Болашақтың есігін
Өз қолыңмен аш маған!
Жайнап бақыт нұрымен
Қуантасың шынымен
Әр кірпішің сөйлеп тұр
Бостандықтың тілімен!
6.Назым
Үміттің аты өшкен күн
Жанына таппай бір шындық
Ер қайрат қыршын кеткен күн
Қайғы езіп елдің еңсесін
Жаншыды-ау жанын батпаң күн
Енді қайтып келмесін
Сол бір қарғыс атқан күн

7.Мерейлім
Бабамның да арманы
Осы еді ғой аңсаған
Тәуелсіздік таңдары
Бақ береді баршаға
Көк туымды қолыма
Бүгін берік ұстадым.
Түсті бақыт жолыма
Менің Қазақстаным!

8-9.Алуа, Қалжан - Тақпақ айту

10.Ақбілек
Туған жерді сүю – парыз,
Сүю үшін білу –парыз.
Қасиетін ұғу – парыз,
Күзетінде тұру – парыз.

11.Мейірлан: Қорытыңды бөлім.
Лаула, лаула желтоқсанның мұзға жаққан алауы.
Өздеріңдей өр намысты жас өркені бар елдің
Ешқашанда түсуге тиіс емес жалауы.
25 жыл болды тәуелсіздік төрімде,
Бақыт құсы самғап ұшты көгімде.
Қымбатшылық, жоқшылықты өткердік,
25 жыл бізге бір ғасырдай көрінді.
Тоқсан бірде президентті сайладық,
Еркіндікке белді бекем байладық.
Ақ киізге Нұр ағаны көтеріп,
Тілек айтып, шаттық тойын тойладық.
Мүше болды БҰҰ-ға белсенді,
Төл теңгеміз көтергендей еңсеңді.
Алғаш азат Ата заңға ие боп,
Нұр ағаның бастауына ел сенді.
Міне, осылай жылдар жылға ұласып,
Орыс, өзбек, ұйғыр, дүнген, кәрістер
Бірге өмір сүріп жатыр құрасып.


Ән. «Көк туым»

І-жүргізуші: Арада қанша жылдар өтті. Қаралы күннің қасіреті алыстап, егемендік алған еліміздің көкшіл жалауы жебіреп, биіктей түсті. Иә, Тәуелсіздік шыңы бізге оңай келмеді. Осымен біздің тәрбие сағатымыз жабық деп жариялаймыз.