№26 бастауыш мектебінің жұмыстық оқу жоспары
Бекітемін Келісемін
Мектеп меңгерушісі: Меркі ауданы әкімдігінің білім
Манкеева М.Т бөлімінің басшысы: -------------------- Есенов.С.Б. --------------------
№26 бастауыш мектебінің
жұмыстық
оқу жоспары
2016-2017 оқу жылы.
Түсінік хат.
Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерінде оқыту
үдерісі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 13 мамырдағы №292 қаулысымен бекітілген мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпыға міндетті мемлекеттік стандарты, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі №327 қаулысымен бекітілген бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 15 шілдедегі №453 бұйрығымен бекітілген бастауыш білім берудің үлгілік оқу жоспарлары арқылы жүзеге асады. 2-4 сыныптарда Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты, «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы №500 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 25 шілдедегі №296 бұйрығымен бекітілген бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарлары басшылыққа алынды.
Қазақстандық білім беру мен ғылым жүйесін жаңғыртудың қазіргі заманғы кезеңі әрбір адамның сапалы мектепке дейінгі тәрбие мен мектептегі білімге қолжетімділігі мен шығармашылық құзіреттерін дамыту мүмкіндіктерін көздейді. 2016-2017 оқу жылында жаңартылған білім мазмұнына барлық бірінші сыныптар көшеді. Білім мазмұны жаңартылған бастауыш ,негізгі және жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті мемлекеттік стандартын ,оқу бағдарламаларын әзірлеу «Мәңгілік ел» құндылықтарына бағдарлануымен жүзеге асырылады.Отандық орта білім мазмұнын жаңарту барысында қазіргі өмірде кең ауқымды дағдыларға көп көңіл бөлінеді.Бұл дағдылар жалпыадамзаттық және этномәдени құндылықтарға негізделе отырып, оқушыларға оқудағы, сондай-ақ өмірдегі проблемаларды шешуіне мүмкіндік береді.Кең ауқымды дағдылар келесі іс-әрекет түрлерінен тұрады; білімді шығармашылықпен қолдану, сыни тұрғыдан ойлау,зерттеу жұмыстарын орындау, АКТ қолдану, тілдік дағдылармен бірге қарым-қатынастың коммуникативтік тәсілдерін қолдану, топта және жеке жұмыс жасау біліктілігі. Бұған қол жеткізуде әрбір мұғалім өзінен бастайды,ол жаңарту процесінің әлеуметтік аспектілерін көрсетеді.
2016-2017оқу жылынан бастап 4 сыныпқа «Шетел тілі» пәні енгізілді.
1-4 сыныптарға «Дүние тану» пәнін апталық 1сағаттық оқу жүктемесімен жүргізу жалғасады.
«Өмір қауіпсіздігінің негіздері» оқу курсының мазмұны 1-4 сыныптарда дүниетану оқу курсының аясында: 1-3 сыныптарда жылдық оқу жүктемесі 6 сағаттан, 4 сыныпта 10 сағаттан бастауыш сынып мұғалімінің оқытуымен іске асырылады.
Бастауыш сынып жасындағы балаға оқу әрекеті негізгі басты әрекет болып табылады, оқу әрекетінің дамуы баланың тұлғалық қасиетінің қалыптасуына негіз болады..Осыған орай бастауыш сатыда мектеп компоненті арқылы орындалатын таңдау пәндеріне оқушыларды дамытуға тиімді қажеттілігі, нәтижелілігі анықталған курстар алынды. Бастауыш қазақ тіліндегі сыныптарда оқу жоспарындағы мектеп компонентінің сағаттары төмендегідей бөлінді.
1-4 сыныптарда жазу дағдысын қалыптастыру мақсатында 1 сағаттан «Көркем жазу» курсына, 1- сыныпта оқушылардың математикадан алған білімдерін кеңейту мақсатында 1 сағат «Қызықты математика» курсын оқытуға бөлінді. 2,3,4 сынып оқушыларының математика пәніне қызығушылығын, интеллектісін арттыру, логикалық ойлау қабілетін дамыту мақсатында 1 сағат «Логикалық математика» курсының оқытылуына берілді.
Оқушылардың берілген білімді саналы түрде ұғынуы, ойының дәлдігі, өмірге көзқарасының қалыптасуы, өз бетінше білім алуға дайындығы, ана тілінде сөйлеуіне байланысты, сондықтан 2-3-4-сыныптарда «Қызықты грамматика» курстарына 1 сағаттан берілді.3- сыныпта «Тіл дамыту», 4-сыныпта «Шешендік өнер» курстарына 1 сағаттан берілді.
Баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуына, оның психологиялық, рухани, физиологиялық, әлеуметтік және шығармашылық дамуының үйлесімділігіне қол жеткізуге мүмкіндік беретін «Өзін-өзі тану»пәні функционалды тұрғыдан маңызды пәндердің бірі болып табылады. Бұл пәнді оқыту «Адамның үйлесімді дамуы» институты (Алматы, «Бөбек» ҰҒПББСО) дайындаған,Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген білім беру ұйымдарына арналған оқу бағдарламалары бойынша жүзеге асырылады
Жұмыстық оқу жоспарында білім алушылардың апталық оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне қойылатын талаптар сақталған:
1-сыныпта-24 сағаттан, 2-сыныпта – 25 сағаттан, 3- сыныпта-29 сағаттан, 4- сыныпта- 29 сағат.
Вариативті компонентке:
1-сыныпқа «Қызықты математика»; «Көркем жазу»;
2-сыныпқа «Логикалық математика», «Қызықты грамматика», «Көркем жазу»;
3-сыныпқа «Логикалық математика», «Қызықты грамматика», «Тіл дамыту», «Көркем жазу»;
4-сыныпқа «Логикалық математика», «Қызықты грамматика», «Шешендік өнер», «Көркем жазу»;
Бастауыш білім берудің типтік оқу жоспары.
Оқыту қазақ тілінде.
2016-2017 оқу жылы
Р/с |
Білім салалары және оқу пәндері |
Сыныптар бойынша апталық сағат саны сыныптарға |
Жүктеме сағат |
||||
1 |
2 |
3 |
4 |
Апталық |
Жылдық |
||
1.Базалық (инвариантты) компонент |
|||||||
І |
Тіл және әдебиет |
10 |
9 |
11 |
10 |
40 |
|
1 |
Сауат ашу |
6 |
- |
- |
- |
6 |
|
2 |
Қазақ тілі |
- |
4 |
4 |
4 |
12 |
|
3 |
Қазақ әдебиеті |
- |
4 |
4 |
4 |
12 |
|
4 |
Орыс тілі |
2 |
- |
2 |
2 |
6 |
|
5 |
Ағылшын тілі |
2 |
1 |
1 |
- |
4 |
|
ІІ |
Математика |
4 |
4 |
5 |
5 |
18 |
|
5 |
Математика |
4 |
4 |
5 |
5 |
18 |
|
ІІІ |
Жаратылыстану |
1 |
1 |
1 |
2 |
5 |
|
6 |
Дүниетану/Жаратылыстану |
1 |
1 |
1 |
2 |
5 |
|
Похожие публикации:30 март 2017 Сабақ кестесі 30 март 2017 8- наурыз 30 март 2017 Мектеп ұжымы 30 март 2017 ҚАЗАҚ ТІЛІ Тақырыбы: Сөз таптары
|