Қамқоршылық кеңес » НШ№26 Кара-су
Жамбыл облысы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№26 Қара-су бастауыш мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
сентябрь
2023

Қамқоршылық кеңес

Қамқоршылық кеңестің мақсаттары - мектепке қолдау көрсету. Атап айтқанда, оның жарғылық функцияларының іске асырылуына, қаржылық қолдауды қамсыздандыруда, материалдық-техникалық базасының нығаюына септесу, сондай-ақ, оның қызметіне қоғамдық бақылау жүргізу.
Қамқоршылық кеңесі мектептің әлеуметтік-мәдени, сауықтыру, дамыту бағыттарындағы іс-шараларды ұйымдастыруға көмек көрсетеді. Әлеуметтік тұрғыдан әлсіз қамтылған отбасыларынан шыққан оқушылардың тұрмыстық жағдайлары менжұмыспен қамтылуын жақсартуға жұмыстанады. Білім беру ұйымының қызметіндегі кемшіліктерді жоюға бағытталған ұсыныстарды енгізеді. Білім беру ұйымы басшылығының Қамқоршылық кеңесіаодындағы есебін тыңдап-қабылдайды.
Қамқоршылық кеңестің маңыздылығы мен оны құрудың қажеттілігін түсінген ата-аналар бірауыздан қолдады. №26 бастауыш мектепте Қамқоршылық кеңесі құрылды. Кеңес құрамына белсенді ата-аналар мүшелікке алынды.Тоқтағұлұлы Мақсат - ауылдың учаскелік милициясы, Нүпбаев Арын - аулдық мал дәрігері.