8- наурыз » НШ№26 Кара-су
Жамбылская область
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№26 Қара-су бастауыш мектебі"
отдела образования Кордайского района
Приемная
+7(72636) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72636) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
30
март
2017

8- наурыз

Күні: 07.03.2017ж.

Тақырыбы: Кішкентай арулар

Мақсаты:
1.Қызақ халқының өнерін, салт-дәстүрін дәріптеуге үйрету.
2.Оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілеттерін,
эстетикалық талғамдарын, шеберліктерін дамыту.
3.Көпшілік алдында өздерін ұстай білуге, әдептілікке, мейірімділікке,
сұлулыққа, инабаттылыққа, кішіпейілділікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Гүлдер, шарлар, нақыл сөздер, мақал-мәтелдер.
Үлкендерден үлгі өнеге алыңдар

Әдісі: сайыс түрінде.
Жүрісі:
1.Ұйымдастыру.
2.Мұғалімнің кіріспе сөзі.
3.Келесі кезекті оқушыларға берейік.

Жүргізуші:
Наурыз күні – Ана күні, әлем күні
Әлемді тебірендірер ана үні
Анасыз жан туған жоқ жер бетінде
Ұғып ал, бөбектерім, сендер мұны.

Жүргізуші:
Құрметті асыл аналар, қыз-қызғалдақтар, қадірлі ұстаздар!
8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесі құтты болсын!
Аяулы аналарға сіздерге ұзақ ғұмыр, бақытты өмір, отбасыларына амандық пен қуаныш тілеймін! Аналар, гүл мерекелеріңіз, күн мерекелеріңіз құтты болсын!

Жүргізуші
Ал, құрметті қауым көптен асыға күткен алғашқы көктем Аналар мерекесіне арналған «Кішкентай арулар» атты байқауын ашуға мектебіміздің меңгерушісі Меруерт әкпейімізге сөз берейік.

Жүргізуші:
Әділ-қазы береді
Өнеріңе билікті
Өнерде кім жеңеді
Сол алады сыйлықты.
Шалықтап мерекеде ән салайық,
Өнерпаз өрендерге тамсанайық.
Әділдік пен шындықты арқа тұтқан,
Әділқазы алқасымен танысайық.
Бүгінгі сайыстың бағасын беріп, сайыстың жеңімпазын анықтайтын
әділ-қазылар алқасымен таныс болыңызадар!

Жүргізуші:
Мың бұралған арулар аңдап басып,
Келеді міне ортаға толқып тасып.
Аруларын сыйлаған халқым менің,
Көңілді қошеметпен қарсы алайық!
Ару қыздарымызды, көңілді қошеметпен қарсы алайық / арулар үнтаспада қосылған баяу әнмен ортаға шығады/

Жүргізуші: Әже бата берді.
Уа, халайық, халайық.
Бастамас бұрын сайысты
Әжемізден ауылдың
Аталы бата алайық.
Жүргізуші:
Уа, халайық, халайық,
Мұнда назар салайық,
Мерекесі халықтың,
Көктем тойын бастайық.
Көктем тойға арналған,
Сайысты біз бастайық.
Сонымен қадірменді көрермен қауым, ақылына көркі сай қыздарымыздың өнері мен өнегесін, білімі мен парасатын тамашалауға баршамызда қош келдіңіздер деймін!

Қыздарымызды тасытыру.
Ақтоты деген алтын қызым бар
Өнерде бар бойында білім де бар.
Сүп сүйкімді кішкентай қара қызды
Қошеметтеп ата-аналар қарсы алыңдар!
Тоғжан деген сары қыз сүп сүйкімді
Бәрімізге дәрі қыз кіп кішкентай
Өнер көрсетуге қыз сынына
Келіп тұр Тоғжан қызда тыным таппай.
Көріңіздер кішкентай қара қызды
Өнерін көптен шашқан дана қызды
Қарсы алыңыз көрермен шапалақпен
Сүп сүйкімді қара қыз Дана қызды
Гүлсезімім изеліп көлдей шалқыған
Мінезі бар тау бұлақтай сарқыраған
Әдемі қыз, бойы өзіне жарасқан
Көріңіздер сұлу қызды аңқылдаған.
Аляулым деген қызым бар мың бұралған
Тұла бойы тау бұлақтай сылдырлаған
Шыққан кезде ортаға Аяулым қыз
Қарсы алыңыз көрермен шын көңілден
Күнсұлуым күндей нұрлы сұлу қыз
Өзі әдемі би билейді жылы жүз
Қарсы алыңыз көрерменім осы қызды
Шашы қандай күн көзіндей күлім көз
Диана деген қыздарыңыз мінекей
Көріңіздер сұлу қызды мінекей
Жолда қалар сұлулардың сұлуы
Сызылғанда сұлу қыздай Күнекей

Атыңнан айналайын Аяжан деген,
Көркіңе әділқазы баға берген
Жеңіс туын тігерсің болашаққа.
Үміті зор осы мектептің саған деген. Аяжан деген аруымызды қарсы алайық

Білімді, оқу озаты сыныптағы,
Талай қиын істерді құрықтады.
Талай іс тұр алдында Мөлдір ару
Болашақта жандырар үміт отын. Мөлдір деген аруымызды қарсы алайық

3-ші сыныпта оқитын,
Өрнектеп тоқыма тоқитын,
Ән айтып, би билейтін
Әсем деген өнерлі қызымыз. Әсем деген аруымызды қарсы алайық
Шынар деген қызымыз айдай сұлу
Сөздерінен шашылған нұрдай жылу
Өнерін көрсетуге ортамызға
Келіп тұр алдарыңа Шынар ару Шынар деген аруымызды қарсы алайық
Аққу құстай қанат қағып самғаған,
Адал жолмен арам іске бармаған.
Ардақты жаны сүйген қашаннан,
Балнұр қызмыз да қатарынан қалмаған. Балнұр деген аруымызды қарсы алайық

І-кезең «Тасыстыру» «Сәлем сөздің атасы» - демекші, әр ару өзін-өзі таныстырады.

Жүргізуші: Ж
Кішкене арулар келіп жетті танысуға,
Бойындағы бар дарынды дарытуға.
Қорықпастан сахнаға келіп жетті,
Әдеппен, ізетпен танысуға. - дей келе арулар өздерін таныстырып өтсін.

ІІ-кезең. «Мәнерлеп оқу» сайысы
Жүргізуші:---------------------------------------------------

ІІІ-кезең: «Өнер сайысы» Өз өнерін көрсету
Ән.
Өнер-білім тапқырлықтың тарланы,
Еңбектегі әріптестер мақтаны.
Өнеріңді, ортаға сал сайысқа,
Өнер көрсет, құрбылармен жарыс та.
Балаға деген ана махаббаты «Бесік жырлары» арқылы берілген. Ана баласын бесікке бөлерде ең алдымен бесік жырын айтады екен. Ендеше, біздің қыздарымыз аналарының айтқан бесік жырларын айтып берсін.

ІҮ-кезең: «Өнерлі өрге жүзер» әр ару өз өнерлерін көрсетеді.
Би
Көркемөнер –жас бөбек,
Сүйкімді болар бақпаса,
Тортасын алған балқаймақ,
Бойына сылау жақпаса
Үлпілдеген қызыл шоқ,
Басына үкі тақпаса, - дей келе қыздарымыздың би өнерлерін тамашалайық.

Ү-кезең: Сәндік өнер.
Сымбатына сән киім жарасатын,
Аспандағы айменен таласатын.
Өнеріне сәні сай келіп тұрған,
Аруларға қызығып қарасын деп, - келесі сайысымыз сәндік киімдерін көрсету.

ҮІ-кезең. «Білім сайысы» «Білімді мыңды жығады» әртүрлі сұрақтар беріледі.
Ақылдылық қыздарға жарасады,
Көзі ашықпен бәрі де санасады.
Келесі сұрақ-жауап сайысында,
Сыналар білімі мен парасаты – дей отырып, келесі кезекте сұрақтарға жауап берейік.
1.Қазақтың ұлттық тағамдарын ата. -Әсем
2.Наурыз көже қалай дайындалады? -Аяжан
3.Қандай салт-дәстүрлерді білесің? -Балнұр
4.Сүттен жасалатын тағамдар. Біреуіне тоқталып өт. -Мөлдір
5.Төрт түлік туралы не білесің? -Шынар
6.Көктемде алғаш шығатын гүлді ата. -Тоғжан
7.Көктем айларын атап бер. -Тоты
8.Көктемгі мейрамдарды ата. -Күнсұлу
9.Ана туралы өлең шумақ айтып бер. -Диана
10.Ана туралы мақал-мәтел айт. -Гүлсезім
11.Қазақтың ұлттық ойындары. -Аяулым
12.Даладай кең пейілді кім? -Диана

ҮІІ-кезең. «Үй тапсырмасы». Аспаздық
Жүргізуші: Ж
«Ас – адамның арқауы» демекші, келесі кезеңде арулар үйде аналарымен бірлесіп дайындаған астарымен таныстырады.

ҮІІІ-кезең. «Шебер қолдар» сайысы.
Жүргізуші:
Кішкентай арулар қол өнеріне байланысты жасаған заттарын тасытырады.
Ал, кәне, арулар, іске сәт!

Жүргізуші:
«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығады» демекші, бүгінгі сайысымыз да аяқталып келеді. Ал қазір әділқазылар алқасы арулардың ұпайларын есептегенше, ------------------------------------!

Жүргізуші: Ж
Сіздер бүгінгі аруларымыздың өнерлі екендерін байқадыңыздар. Енді әділқазылар алқасына сөз берейік. /марапаттау/


Жүргізуші: Ж
Бойларында от бар екен байқадым,
Жүректерде шоқ бар екен байқадым.
Әрқашанда осы шоқты өшірмей,
Жалындатып, шарықтаңдар әрдайым!

Жүргізуші:
Аналар, қалпық бақыт аралында
Лайым мұң қонбасын жанарыңа
Осымен ертеңгілігімізді аяқтайық.
Гүл бітсін бәріміздің қамдамымызға, - дей отырып, бүгінгі сайысымызды аяқтайық!


Жүргізуші: Ж
«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығады» демекші, бүгінгі сайысымыз да аяқталып келеді.
Осы мен «Кішкентай арулар» сайысымызды аяқталады. Қош сау болыңыздар!

Ардақты аналар, апалар мейрамдарыңыз құтты болсын!